Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен 2026 жылғы діни күндер кестесіне сәйкес Ораза басталуына бір айдан аса уақыт қалды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

2026 жылы Ораза қашан басталады?

2026 жылы Рамазан айы 19 ақпанда басталады. Бірақ пәтуа мамандары діни мерекелердің нақты күндері жаңа ай көрінуіне байланысты көрсетілген уақыттан бір күн шегерілуі немесе алға жылжуы мүмкін екенін ескерткен болатын. 

1 ай қалды: 2026 жылы Ораза қашан басталады?

Ораза туралы

Ораза – мұсылмандар үшін маңызды құлшылықтың бірі. Ол – тек ас-судан тыйылу емес, рухани кемелденіп, сабыр сақтап, өзін-өзі тәрбиелейтін ерекше ғибадат түрі.

Оразаны алғаш рет ұстауға ниеттенген жан үшін оңай болмасы анық. Бұрын ораза ұстап көрмесеңіз, бірден кірісу қиын болуы мүмкін. Сондықтан өзіңізді біртіндеп дайындау қажет.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!