Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2026 жылғы діни күндер кестесін бекітті, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Хижри айларының басталуы халықаралық астрономиялық зерттеу орталықтарының мәліметіне сүйеніп жасалды.
Рамазан айы 2026 жылы 19 ақпанда басталады. Бірақ пәтуа мамандары діни мерекелердің нақты күндері жаңа ай көрінуіне байланысты көрсетілген уақыттан бір күн шегерілуі немесе алға жылжуы мүмкін екенін ескертті.

Айта кетейік, ораза – Ислам шарттарына жататын бес парыздың бірі.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!
