Фото: ulysmedia.kz
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, діни пропаганда үшін ақша берілетіні рас болды.
Бұдан біраз уақыт бұрын танымал тележүргізуші Динара Сәтжан «Блогерлерге хиджаб кигені үшін ақша ұсынады» деген еді. Осы түжырым рас болып шықты. Журналист Әсел Қайролла діни пропоганда үшін кейбіреулерге ақша төленетіні туралы қызық мәлімет ұсынды. Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазған.
Оның жазуынша, оған есімін атамауды сұраған бір кісі орану үшін қанша ақша төлейтінін айтқан көрінеді.
«Өзін атамауды өтінген (тіпті, жалынған) сенімді дереккөзден: діни пропаганда үшін орануға ұсынылған сома 200 000 — 500 000$ арасы. Қосымша Bvlgari, Cartier, Tiffany, т.б. Біздегі діннің жағдайы осы», – деп жазды журналист.
Оның бұл жазбасын оқыған желі қолданушылары түрлі пікір жаза жөнелді.
«Оранғым кеп кетті. Сақалды мұртсыз қоям тіпті», «Маған неге ұсынбайды аааа!? Мына жақта дәптер бағасын есептеп отырмын тиын санап. Қай жерге заявка тастайды?», «Тегіннен тегін тағып, шешіппін ғо…», «Сақал қойғанға ше? Ол туралы айтпады ма? Бізге шанс жоқ па?», «Ақшасын білмеймін, бірақ жақын туыс әпкем Астанада аса белгілі, ауқатты адамның аспазы болған. Ана кісі «пәтерде тұрады екенсіз, ол мәселені реттеп, басыңызға үй берем. Бірақ оранып жүрсеңіз деген талап бар» деген. Әпкем «ондай шешімді пәтер үшін деп қабылдай алмаймын» деп жұмыстан шыққан. Көз алдымда болған, көзім жеткен оқиға. Сондай пәрменді адамдардың айналасынан келіп түсетін ұсыныс болар» деп жазды желі қолданушылары.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!