Фото: pixabay.com

Тексеру барысында 179 дана діни әдебиеттер анықталған, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Іс-шара «Бақытты және қауіпсіз балалық шақ» жобасы аясында жүзеге асырылған.

Алматы облысының прокуратурасының келісуімен Қарасай ауданының прокуратурасы «Бақытты және қауіпсіз балалық шақ» жобасы аясында құқық қорғау және уәкілетті органдармен бірлесіп, 19 бала тәрбиеленетін астыртын діни медресені анықтады. Жеке үй аумағында Тәжікстанның тумасы араб жазулары бар діни әдебиеттерді пайдаланып, балаларға сабақ берген. Тексеру барысында 179 дана діни әдебиеттер, сонымен қатар iPhone ұялы телефоны мен HP ноутбугі тәркіленіп, тиісті сараптамалар тағайындалды. Кінәлі тұлғаны заңда белгіленген жауапкершілікке тарту мәселесі шешіліп жатыр. Қазір барлық балалар ата-анасына қайтарылды,- деді Алматы облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!