Дін халық мәдениетінің рухани негізі. Оның қоғамда алатын орны қашанда ерекше. Сол себепті жас ұрпаққа діндер тарихы мен оның құндылықтары, рухани астары туралы мәлімет беру өмір талабы. Бүгінде аймақтағы діни ахуалды тұрақты деп сипаттауға болады.
– Қазіргі уақытта Қызылорда облысында 7 конфессия өкілдері қызмет жасауда. Олардың қатарында 189 мешіт, 15 шіркеу, 2 миссионер діни қызмет атқарады. Есепті кезеңде ақпараттық түсіндіру тобымен 12 736шара өткізіліп, оған 169 562 адам қамтылды. Дін мәселелерін зерттеу орталығының парақшаларында қарсы насихаттық материалдар жариялануда. 2024 жылы 10 281 материал жарияланды. Әлеуметтік желілерге жүргізілген Мониторинг нәтижесімен күмәнді деп танылған 20 сілтеме Мәдениет және ақпарат министрлігінің Дін істері комитетіне сараптамаға жолданды. Екеуі «оң», он алтысына «теріс» қорытынды берілсе, екеуі сараптама объектісіне жатпайды деп танылды. Сонымен қатар, 2024 жылы басқарма және орталық мамандарымен «Киберқадағалау» ақпараттық жүйесіне күмәнді деп танылған 1 729 сілтеме енгізілді. Қазіргі уақытта «Ғылыми сарапшылық кеңес», «Діни бірлестіктер клубтары» бар. Құрамына ғалымдарды жинақтаған сарапшылық кеңеспен жыл басынан бері 2 шара өткізілсе, діни бірлестік басшыларының клубымен 8 шара ұйымдастырылды. Бұл шаралардың негізгі мақсаты аймақта конфессияаралық келісімді одан әрі нығайту,- деді Өңірлік коммуникациялар қызметіне берген ақпаратында облыстық дін істері басқармасының басшысы Дінмұхамед Ермеков.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!