Қазақстан – зайырлы ел. Мемлекет азаматтарға діни жоралғылар мен рәсімдерді орындауға кедергі келтірмейді. Яғни, қоғамның әр мүшесі еркіндікке құқылы. Егер тиісті заңнамаға қайшы келмесе…
Бұл ретте сәләфизм ағымын ұстанушылардың адамдарға өзінің діни түсініктерін таңуға тырысуы және басқа діндарларға деген өшпенділікті насихаттайтын қызметі елімізде қалыптасқан конфессияаралық бірлікке, қоғамымыздың тұрақтылығына нақты қауіп төндіретінін айту керек. Бүгінгі таңда бұл ағым бұрмаланған идеология ізбасарларының шектен шыққан тобын бейнелей бастады, олар өз көзқарастарын жақтамайтындарға қарсы шығып, халықтар мен мәдениеттер арасында жеккөрушілік тудырды. Сонымен қатар олардың көзқарасы бойынша кез-келген музыка, әртүрлі театрландырылған қойылымдар мен кейбір спорт түрлеріне тыйым салынған.
Іс жүзінде сәләфизмнің құрығына түскен адамның құндылықтары ауысып, ата-ана, отбасы, Отан, сенім және т.б. сияқты қастерлі ұғымдарды, жалған және бөтен құндылықтарға ауысады. Бұл ағым мемлекет үшін де, ауызбірлік, ынтымақ ұғымдарын ту еткен қоғам үшін де аса қауіпті құбылыс екенін ескеру қажет.
Ислам МАРАТҰЛЫ,
Облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің наиб имамы
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!