Фото: Арман Мухатов – архив

Сенат кулуарында журналистер Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақовқа «еліміздегі имамдардың әлеуметтік желіге шығуына тыйым салына ма?» деп сауал қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жақында Өзбекстанда имамдарға әлеуметтік желілерге шығуға тыйым салынған еді.

Әрине, біз көршілеріміздің бұл тәжірибесін білеміз. Дегенмен, әлеуметтік желілерді үмбетпен, азаматтармен тілдесу құралы деп есептеймін. Сондықтан біз әлі де басқа нұсқаларды қарастырудамыз. Әлеуметтік желілерді жүргізу бойынша тыйым салу мәселесі қаралып жатқан жоқ, – деді Қанат Ысқақов.

«Басқа қандай нұсқалар бар?» деген сауалға келесідей жауап берді.

Бұл сөйлесудің басқа тәсілдері. Офлайн, онлайн, стрим сөйлесу бар. Бұл қауыммен, діндарлармен сөйлесудің бір құралы іспетті. Күн тәртібінде (имамдарға) желіні шектеу мәселесі тұрған жоқ, – деді Қанат Ысқақов.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!