Білімді ұрпақ – болашақ кепілі. Демек білім беру жүйесі де осыған сай болу керек. Ал, мұсылман әлеміндегі алғашқы оқу орындары бейресми болғанын ескеретін болсақ. Мешіттер өз кезегінде ғалымдармен халықтың кездесулерін ұйымдастырыполардың тағлымды әңгімелерін тыңдауға, кітап оқуға баулып отырған. Осылайша, ислам әлемінің ұлы ұстаздары бір-бірінен тәжірибе алмасып, өз шәкірттеріне сабақ берді.
Қазіргі заман медресе дәстүрі және исламдық білім берудің басқа классикалық түрлері бүгінгі күнге дейін жалғасуда, бірақ XIX ғасырда еуропалық державалардың мұсылман жерлеріне қол сұғуы салдарынан саны азайған. Мысалы, Осман империясында зайырлы көзқарастардың Француз сот кеңесшілерінің ықпалымен білім беру жүйесінде толық реформа орнап, оқу орындарының бағдарламасынан дін алынып тасталды. Онда тек зайырлы пәндер ғана қалды. Осылайша, мемлекеттік мектептерде жүздеген жылдар бойы оқытылған дәстүрлі білім саласының орнын еуропалық әдебиеттер мен еуропалық бағдарлама алмастырған.Исламдық медреселер мемлекеттің қолдауынан айырылып, толығымен жойылмаса да, олар қазіргі мұсылман әлеміндегі позицияларын жоғалтқан. Қазіргі білім беру жүйесі еуропалық стильде құрылған. Мысалы, университетте негізгі пәнді таңдау орта мектепті бітіргеннен кейін стандартты емтихан нәтижелеріне байланысты. Сынақ бойынша максималды баға алған кезде таңдаған мамандықты оқуға алады.
Медреселер әдетте үлкен мешіттердің құрамында жұмыс жасады. Мәселен, аты әлемге әйгілі мұсылман әлеміндегі ең беделді оқу орындарының бірі Каирде орналасқан. 970 жылы құрылған Әл-Азхар университеті 859 жылы Марокконың Фес қаласында өзінің алғашқы жұмысын бастайды. Әл-Қарауин университеті кейінірек Селжұқ әулетінің ұлы уәзірі Низам әл-Мульканың арқасында мұсылман әлемінде көптеген медреселер құрады. Медреседе студенттер араб тілімен қоса медицина, математика, астрономия, тарих, география және т.б. сияқты діни және зайырлы ғылым салаларын меңгерген. XII ғасырда Каирде 75 медресе, Дамаскіде — 51, Алеппода — 44 медресе болған. Мұндай жүздеген мектептер Испанияда жұмыс істеді.
Оқу ордаларында түрлі пәндер бойынша факультеттер болды. Студенттер мамандықты таңдап, көптеген жылдар бойы мықты оқытушылардан сабақ алды. Ибн Халдун Мароккода болған кезінде медреседе оқу бағдарламасының 16 жылға созылғанын атап өткен. Оның айтуынша, бұл студент қалаған ғылыми саладағы білімді игере алатын немесе оған қабілетсіз екенін түсінетін ең қысқа курс. Ислам әлемінде танымал, жоғарыда аталған университтердің білім беру жүйесіне тоқталып өтсек. Мысыр жерінде орналасқан Әл-Азхар университеті танымал ең үздік білім ордаларының бірі. 1962 жылдан бастап тәлімгерлерді білім нәрімен сусындатып келеді.
Сонымен қатар, Әл-Азхар әлемдегі ең көне университеттердің бірі болып саналады. Аталған оқу орнын Египеттегі 14-ші университет. ЯғниИсламның ең үздік білім ордасы. Бүгінгі таңда Египеттегі бұл беделді ислам университеті бакалавр, магистр және Ph. D дәрежесін ұсынады.Исламтану факультеті, ауыл шаруашылығы факультеті, медицина факультеті және жүрек аурулары мен хирургия орталығы жұмыс жасайды.
Ал, Әл-Қарауин университеті Гиннестің рекордтар кітабына енген әлемдегі ең көне университет. Оның негізін қалаушы саудагер Мұхаммед әл-Фихридің қызы ФатимаМарокконың Фес қаласында мешіт пен медресе ашқан.Әл-Қарауин, ең алдымен, әлемдік зияткерлік дәстүрдің қалыптасуына айтарлықтай әсер еткен ғалымдарымен танымал. Олардың қатарында: Әл-Идриси, Ибн Халдун, Маймонид, Рим Папасы Сильвестр II және т.б. болған.
Еуропамен салыстырғанда, ислам әлеміндегі университеттер ешқашан диплом бермеген. Белгілі бір курсты тәмәмдап, тиісті сертификат алған студентке сабақ беруге рұқсат берілген.Тек 1947 жылы ғана Әл-Қарауин еуропалық тәжірибені қабылдай отырып, алғашқы дипломдарды тапсыра бастаған. Алайда, оқыту жүйесі іс жүзінде өзгермеген. Студенттер мұғалімнің айналасында отырады, белгілі бір мәтіндерді оқып, кейіннен сол тақырыпқа қатысты сауалдарға жауаптар беріліп, талқыланған.
Ал, шет елге шықпай еліміздеде осындай білікті әрі қажет мамандарды даярлап шығатын «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университеті Египет Араб Республикасы мен Қазақстан Республикасының үкіметтері арасындағы 2001 жылғы 18 маусымдағы № 460 Халықаралық келісім негізінде құрылған болатын.
Білім беру қабырғасында мамандықтар бойынша оқыту мемлекеттік білім беру стандарттарына сәйкес жүргізіледі.Университетте исламтану, дінтану, араб филологиясы мамандықтары бойынша жоғары кәсіптік білім (бакалавриат) беріледі. Оқу стандарты мен оқу жоспарлары ҚР Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім Департаментімен тікелей бекітілген.
ҚР Білім және ғылым Министрлігінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 152 бұйрығына сәйкес университеттегі оқу процесі кредиттік оқыту технологиясы бойынша ұйымдастырылған. Студенттердің білімін тексеру үшін ағымдағы, аралық және қорытынды бақылау жұмыстары өткізіледі, олардың нәтижелері бойынша студенттердің оқу нәтижелері балдық-рейтингтік жүйе бойынша бағаланады. Кредиттік оқыту жүйесін қамтамасыз ету мақсатында «Платон» тіркеу процесін автоматтандырылған басқару жүйесі енгізілген.


А. Дуйсенбаева
Дін мәселелерін зерттеу
орталығының аға маманы, дінтанушы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!