Фото: islam.kz
Мұсылмандардың ұлы мейрамы – Айт. Ислам дінінде екі мереке бар. Ол Ораза айт және Құрбан айт мерекесі. Шариғат бойынша отыз күн ораза біткеннен кейін шәууал айының бірінші күні ораза айт болып есептеледі.
Ескере кететін жайт, ораза айт – бір күн. Алайда халық арасында қалыптасқан әдет бойынша үш күнге дейін дастарқан жайылып, айттаумен жалғасын табады. Айт намазына дейін әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың да мереке күндері дастарқан жайып халықпен бірге қуануы үшін пітір садақалары таратылады. Бұрын Мұсылмандардың ұлы мейрамы – Айт. Ислам дінінде екі мереке бар. Ол Ораза айт және Құрбан айт мерекесі. Шариғат бойынша отыз күн ораза біткеннен кейін шәууал айының бірінші күні ораза айт болып есептеледі. араздасқандар татуласады. Одан соң мереке Құрбан айтқа жалғасады. Айт намазы оқылған соң Алланың разылығы үшін ұлық құлшылық болған құрбан шалу рәсімі жасалады. Мерекелік дастарқандар жайылып, халық құрбандық еттерінен дәм татады.
Осыған орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады.
– Қадірлі отандастар!
Баршаңызды Ораза айт мейрамымен құттықтаймын!
Бұл – мұсылман қауымының ерекше ықыласпен қарсы алатын ұлық мерекесі.
Қасиетті Рамазан айында жұрт адамгершілік құндылықтарға баса мән береді, рухани тазаруға ұмтылады. Мұқтаж жандарға қол ұшын созып, айналасына қайырымдылық көрсетеді. Отыз күн оразадағы сабыр мен қанағатқа негізделген игі амалдың бәрі Айт мерекесінің шынайы болмысын айшықтай түседі.
Ата дініміз адамзатты татулық пен тыныштыққа, қамқорлық пен мейірімділікке, жанашырлық пен жасампаздыққа үндейді. Адал еңбек етіп, адал табыс табуға шақырады. Мұның барлығы, түптеп келгенде, бүкіл еліміздің ырысты ынтымағын арттыруға ықпал етеді.
Халқымыздың салт-дәстүрі Ислам дінінің, Рамазан айының және Айт мейрамының ұлағатымен ұштасып жатыр. Бұл сабақтастық берекелі бірлігімізді нығайтып, әділетті қоғам құру жолында маңызды рөл атқарады.
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
Әр шаңыраққа бақ-береке және толағай табыс тілеймін!
Айт қабыл болсын, ағайын, – деді Мемлекет басшысы.
Айта кетейік, Ораза айт күні айт намазына дейін пітір садақасын беріп үлгеру керек. Намазға шығар алдында ғұсыл құйынып, әтірленіп, жаңа киім киіп, құрма жеп, қуаныш пен шаттық көңіл-күймен тәкбір айтып мешітке барады.
Айт намазын оқиды. Ораза айт кезінде мұсылмандар бір-бірін құттықтап, мерекелік дастарқан жайып, туыстар мен дос жарандарды қонақ етеді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!