Фото: Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұған дейін шыққан 17 маусым демалыс күні болмайтыны туралы ақпаратқа қатысты ресми мәлімдеме жасады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Құрбан айт мерекесіне байланысты 2024 жылғы 17 маусымда қосымша демалыс күні болмайтынын хабарлады.

«ҚР Еңбек кодексінің 84-бабына сәйкес мұсылман күнтізбесі бойынша атап өтілетін Құрбан айттың бірінші күні демалыс күні болып табылады.

Еңбекмині жыл сайын өндірістік күнтізбені қалыптастырады, онда Қазақстан Республикасында алдағы жылға арналған мереке және демалыс күндері белгіленеді. 2024 жылға арналған өндірістік күнтізбені қалыптастыру кезінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2023 жылғы 17 қазанда ресми хат жолдаған болатын, онда 2024 жылы Құрбан айттың бірінші күні 17 маусымға түсетіні, бірақ жаңа айдың көрінуіне байланысты ауысуы мүмкін екендігі хабарланған. 2024 жылғы 7 маусымда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2024 жылы Құрбан айттың бірінші күні 16 маусымға келетінін хабарлаған. Бұл жексенбі демалыс күнімен тұспа-тұс келгендіктен, 17 маусымда қосымша демалыс болмайды», – делінген хабарламада.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» заңға сәйкес демалыс күндеріне түсетін мереке күндері ғана ауыстырылуға жататынын еске салды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!