Фото: mosregtoday.ru
Ресей президенті Владимир Путиннің видеосы желіде қызу талқыға түсті. Әсіресе мұсылман елдері Путиннің Құран кітабын сүйгеніне тәнті болуда, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.
Ресей президенті Грозныйдағы Иса пайғамбар мешітіне барғанында мұсылмандардың қасиетті кітабы Құран Кәрімді сүйді. Саясаткердің бұл ісі X және YouTube әлеуметтік желілерінде таралып, Түркия, БАӘ, Египет, Сирия және басқа да мұсылман елдерді таң қалдырды.
«Міне нағыз адамгершілік!… Ресей президенті, мен сізді осы құрметіңіз үшін жақсы көремін, сізге деген құрметім шексіз», – деп пікір қалдырды Х әлеуметтік желісін қолданушылардың бірі. «Путин мұсылмандарға құрмет көрсетеді, ал Батыс нәсілшілдік пен исламды жек көруді көрсетеді», «Мұндай әрекет көпірлерді бұзбайды, керісінше жалғайды. Мен басқа әлемдік көшбасшылардан мұндай әрекетті ешқашан көрген емеспін », – деген сынды пікірлер тарауда.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!