Жаһандану заманыңда алпауыт мәдениеттер мен өркениеттер арасында жоқ болып жұтылып кетпеу үшін ұлтымыздын тілін, дін мен салт-дәстүрімізді сақтап қалумыз қажет. Осындай жолмен ғана өзіміздің ұлттық нақышымызды, пішініміз бен ерекшелігімізді аман алып қала аламыз.Сол үшін ұлттың дүниетанымдық көзқарасын, өмірлік ұстанымын,тарихи мәдениетінің рухани негіздерін қайта жанғартып, дұрыс танып білу аса қажет. Өйткені жер шарын мекен еткен сан алуан ұлттар мен ұлыстардың өзіне ғана тән атадан балаға беріліп келе жатқан дұрыс өмір сүру сыңды өз дәстүрлері мен жолдары бар, Қазақ халқы өзіне осындай жолдардың ішінен мұсылманшылық жолын таңдап алды.
Әбу Ханифа жол салған суниттік мектеп, басқаларына қарағанда, қолайлы, халықтардың әдет-ғұрпы заңдарын ескергендіктен қазақ тайпаларына да –те тиімді болды.
Ратбек қажы Нысанбайұлы ҚМДБ-ның экс мүфтиі: Ислам дінінде дәстүр туралы «Усулу-фикх» деген ілім бар. Яғни «Діннің негізі» деп аталатын кітапта былай дейді: «Әрбір халықтағы әдет-ғұрып, салт-сана шариғатқа қайшы, қарсы келмейтін болса шариғат үкіміне қалдырылады». Сондықтан да қазақтардың әдет ғұрпы өз кезегінде шариғат заңдарының қайта жандануына игі әсерін тигізді. Сөйтіп, екі наным ұзақ жылдар бойы бір-біріне зиян келтірмей, қатар өмір сүреді. Сол себептен де қазақтардың әдет-ғұрыпы өзінің бұрынғы болмысын сақтап қалды. Билер қазақтардың қоғамдық маңызы зор мәселелерін көпшілігін ежелден келе жатқан бұрынғы ата-бабалары ,әдет-ғұрып заңдары бойынша талқылап шешті. Ал өз кезегінде арабтар да қазақ тайпаларының тілін, әдет-ғұрыпын, сенімдерін, мәдени жетістіктерін жоққа шығармай санасуына тура келді. Бұлардың бәрін Исламға қайшы келмейтіндей етіп, қырын келтіріп жатқызуға тырысты. Қазақтарда ұлдардың үлкені мен кішілернің қарым-қатынасы әке мен бала қарым-қатынасындай. Үлкенді сыйлау, оны тыңдау-қазақтардың ұстанған жолы. Үлкенді құрметтеп, сыйлағандарды тәртіпті, көрегенді санаған. «Әкеңе не жасасаң, алдыңа сол келеді» деп халық текке айтпаған. Шариғат бұл жағдайды да аттап өтпеген.Оған Пайғамбар Мұхаммед с.ғ.с мына хадисі дәлел болады: «Үлкенге құрмет,кішіге ізет көрсетпеген бізден емес» делінген.
Атамыз қазақ «Ел боламын десең,бесігіңді түзе» деген.Бала шыр етіп жарық дүниеге келген күннен ұлттық құндылықтарды бойына сіңіру,мектепте де, жоғары оқу орындарында да мұны талассыз жүргізіп отыру бүгінгі күннің өзекті мәселесі екенің айтқымыз келеді.


Едіге Жұмахметов
Қызылорда облысы дін істері басқармасы
дін мәселелерін зерттеу
орталығының теолог маманы

фото massaget.kz

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!