Sputnik. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы оразаның басты талабын еске салды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Оразаның дұрыс болуы үшін алдымен ниет болуы шарт. Ниетсіз құлшылық дұрыс болмайды.
«Рамазанның барлық күнінде оразаға ниет етпесе, оразасы дұрыс болмайды», – делінген Әл-Һидаяда.
Сондықтан адам ниет етпей ауыз бекітсе де, ораза ұстаған болып саналмайды.
«Ол күннің қазасын өтеп, кәффаратын орындамайды. Себебі кәффарат, оразаны әдейі бұзғанға міндеттеледі. Бұл жерде оразаның өзі дұрыс болмай тұр»,- дейді мүфтият мамандары.
Сондықтан оразаға түннен бастап бесінге бір сағат қалғанға дейін ниет етпесе немесе ешбір себепсіз бір-екі күн кешіктіріп ұстаса, Алладан жарылқау тілеп, сол күндердің қазасын ғана өтейді. Ондайда кәффарат міндеттелмейді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!