23 сәуірде әділет министрі Ерлан Сәрсембаев мәжіліс отырысында қазақстандықтар ресми некеге тіркелудің орнына діни неке қиюмен шектелетіні туралы пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Министрдің айтуынша, Қазақстанның «Неке және отбасы туралы» кодексі некені тіркеу мәселесінде дәстүрлі ұстанымдарды ұстанады. Сондықтан діни сенімдерге байланысты қиылатын некеге араласу немесе оларды қайта қарау қарастырылмаған.

Дегенмен Ерлан Сәрсембаев діни неке негізінде құрылған отбасыларда дүниеге келген балалар ажырасу жағдайында мемлекет назарынан тыс қалмауға тиіс екенін атап өтті.

«Неке ресми түрде тіркелген бе, тіркелмеген бе, маңызды емес. Егер балаға алимент төленбесе, мемлекет тарапынан алимент өндіру қарастырылған. Бұл жағдайда алимент өндіріп алумен сот орындаушылары айналысады», – деді министр.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!