Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы биылғы пітір садақа мөлшері мен Рамазан айының басталатын күнін бекітті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Басқарма мәліметінше, 2025 жылы қасиетті Рамазан айы 1 наурызда басталады. Бұл айда мұсылмандар садақаның ең аз мөлшері пітір садақаны тапсыруы керек.

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен өткен отырыста пітір садақасы 655 теңге болып бекітілді. Ол еліміз бойынша екі келі ұнның орташа бағасы негізінде қойылды.

  • Рамазан айы 1 наурызда басталады.
  • Қадір түні – 26 наурыздан 27 наурызға қараған түні болады.
  • Ораза айт – 30 наурыз.
  • Құрбан айт – 6 маусымнан басталады.

Қасиетті Рамазан айында мұсылмандар отбасының әр мүшесіне берілетін міндетті пітір садақаны беруі керек.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!