Қазақстанда 27 қыркүйектен бастап жұма намазы мешіт ішінде оқылады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Вице-премьер Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияда жұма намазының мешіт ішінде оқуына рұқсат етілді.
27 қыркүйектен бастап жұма намазы жабық орын-жайларда оқылады. Алайда қызметкерлер мен келушілердің статусы Ashyq-та «қауіпсіз» болуға тиіс.
«Жасыл» аймақта тұрған өңірлерде мешіт ішінің адамдарға толуы 50 пайыздан, «сары» аймақта 30%-дан, «қызыл» аймақта 20%-дан аспауы керек.
Қазір жұма намазы мешіт ауласында оқылып жүр.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!