Фото: Sputnik / Санат Имангалиев
Sputnik. Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Құрбан айтқа қатысты маңызды мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бұған дейін 17 маусымда қазақстандықтар қосымша бір күн демалатыны хабарланған болатын. Өйткені Құрбан айттың бірінші күні осы күнге сәйкес келген еді. Алайда бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мерекенің бір күн бұрын – 16 маусымда басталатынын хабарлады.
Биыл Құрбан айттың алғашқы күні жексенбіге түсіп тұрғандықтан, қазақстандықтарға қосымша демалыс берілмейді.Ал қолданыстағы заңға сәйкес, діни мейрам демалыс күндерге түссе, демалыс басқа күнге ауыстырылмайды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!