Қызылорда қаласы Белкөл кентінде «Марал ишан» атындағы Қарилар дайындау орталығы медресенің ашылу рәсімі өтті.
Салтанатты шараға Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағанов, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бастаған ҚМДБ басшылық құрамы, Меккедегі қасиетті Қағбаның кілтіне иелік етуші әулеттің өкілі Шейх Мұхәммәд Шәйби, Меккедегі «Зәмзәм су» мекемесінің директоры Шейх Айман, Нұр-Мүбарак университетінің проректоры Қайрат Құрманбаев және жергілікті тұрғындарқатысты.
«Марал ишан» атындағы қарилар дайындау орталығы – жергілікті кәсіпкер Мұрат Нұрсейітовтің демеушілігімен 2019 жылы құрылысы басталып, 2022 жылы аяқталды. 80 адамға шақталған ғимарат екі қабатты, 2 дәріс бөлме, 2 жатын бөлме, ұстаздар бөлмесі, 1 асхана, 1 медициналық бөлім (медпункт), 1 жаттығу бөлмесі, 2 дәретхана, 2 жуынатын бөлме, 2 демалыс бөлмесі және 1 қосымша бөлмеден тұрады.
Дәл осындай типтегі Құран жаттауға арналған қарилар дайындау орталығы Арал қаласында және Қазалы ауданы, Әйтеке би кентінде де қолданысқа беріледі.
Айта кетейік, бұған дейін осындай Құран жаттау орталығы Шиелі кентінде ашылған болатын. Бүгінде орталықтың жұмысы қарқынды жүруде.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!