2025 жылдың 10–12 сәуірі аралығында Қызылорда облысының дін істері басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде “Асыл мұра – Орда” қоғамдық қоры Қызылорда қаласы мен Шиелі ауданында бірқатар мазмұнды іс-шаралар ұйымдастырды.
Аталған кездесулерге Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының (РАТТ) мүшесі, қоғам қайраткері Ризабек Батталұлы арнайы қатысты.
Кездесулер ашық пікір алмасу форматында өтті. Қатысушылар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, нақты әрі тұшымды жауаптар алды. Ризабек Батталұлы өз сөзінде ұлттық бірлік, ұрпақтар сабақтастығы және рухани тұтастықтың маңызын ерекше атап өтті.
Іс-шара барысында жастардың белсенділігі, ұлттық сана мен мәдениетті сақтаудың жолдары талқыланып, қатысушылар тарапынан тың ойлар мен ұсыныстар айтылды. Бұл пікірлер болашақ жобаларға негіз болмақ.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шаралар еліміздің әр өңірінде тұрақты негізде өткізіліп, рухани жаңғыру мен қоғамдық келісімді нығайтуға серпін береді.

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!