фото: depositphotos.com

Қасиетті Рамазан айына 23 күн қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

2025 жылы Рамазан айы 1 наурызда кіреді. Күннің ұзақтығына байланысты ораза уақыты әр елдерде әртүрлі болады.

Ең ұзақ ораза Исландия, Норвегия, Финляндия сияқты солтүстік елдерде 20-22 сағатқа дейін созылуы мүмкін.

Ең қысқа ораза Аргентина, Чили, Австралияның оңтүстігі сияқты жерлерде 11-12 сағат қана болуы мүмкін.

Ал ғарышта күн 90 минут сайын шығып-батады. Сондықтан ғарышкерлер Жердегі белгілі бір уақыт белдеуіне (әдетте, Мекке немесе шыққан елі бойынша) сүйеніп, ораза ұстайды.

Елімізде ауызашарда су немесе құрма жеуді жөн санайды. Ал Түркияда – пиде (жалпақ нан), зәйтүн, айран ішсе, Мароккода харира (дәмдеуіш қосылған сорпа), Индонезияда колак (банан, пальма қанты мен кокос сүтінен жасалған тәтті тағам) ұсынады.

Еске салайық, Қадір түні 26 наурыздан 27 наурызға қараған түніне белгіленген. Ал Құрбан айт 6 маусымға тура келген.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!