2025 жылдың 1-19 сәуірі аралығында Қазалы ауданында маңызды рухани-танымдық іс-шаралар өткізілді. Бұл кездесулер Қазалы аудандық Қоғамдық даму бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында “Асыл мұра – Орда” қоғамдық қорының ұйымдастыруымен жүзеге асты.

Аталған шаралар барысында Республикалық ақпараттық-насихаттық топ (РАНТ) мүшесі, исламтанушы ұстаз Ғазиз Нұртайұлы Ахметов Қазалы ауданына қарасты бірнеше елді мекендерде болып, жергілікті тұрғындармен мазмұнды кездесулер өткізді. Кездесу барысында дін және руханият тақырыптарында терең әрі танымдық әңгімелер өрбіді.

Сапар аясында Ғазиз Ахмет Қазалы аудандық Ішкі істер бөлімінің қызметкерлерімен және Қазалы аудандық көпбейінді орталық аурухана ұжымымен жүздесіп, рухани-адамгершілік құндылықтар туралы пікір алмасты.

Сонымен қатар, Қазалы ауданының бірқатар мешіттерінде мешіт жамағатымен кездесулер өтті. Атап айтқанда, «Қожаназар ишан», «Әли-Мұса», «Халық» мешіттерінде “Ілім алудың артықшылығы” тақырыбында уағыз-насихат жүргізілді. Ал Қазалы аудандық орталық «Жанқожа батыр» мешітінде “Тазалық – иманның жартысы” тақырыбында жұма уағызын айтып, ел амандығы үшін дұға жасады.

Сапар барысында маңызды шаралардың бірі – «Ихсан – рухани тәрбие негізі» тақырыбындағы семинар болды. Бұл семинар Қазалы аудандық орталық мешітінде өткізіліп, оған ауданға қарасты кент және ауыл имамдары қатысты. РАНТ мүшесі Ғазиз Ахметтің баяндамасы рухани тәрбие мен имамдардың қоғамдағы рөліне қатысты маңызды ойлармен өрнектелді.

Аталған іс-шаралар аудан тұрғындарының рухани санасын көтеруге, діни танымын кеңейтуге және ұлттық құндылықтарды насихаттауға бағытталған игі бастама ретінде жоғары бағаланды.

Рант мүшесі Ғазиз Ахмет Қазалы ауданына іссапармен келді
Рант мүшесі Ғазиз Ахмет Қазалы ауданына іссапармен келді
Рант мүшесі Ғазиз Ахмет Қазалы ауданына іссапармен келді

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!