Облыстық дін істері басқармасы мен ҚАЖ департаменті №60 мекемесінің ұйымдастыруымен сотталғандар арасында радикалды идеологияға қарсы иммунитет қалыптастыру және радикалсыздандыруға бағытталған ақпараттық-түсіндіру және қарсы насихаттау жұмыстары негізінде деструктивті діни ағымның алдын алу мақсатында «Нұр-Мубарак» университеті жанындағы «Діни экстремизмге қарсы іс-қимыл академиясының» директоры, «Нұр-Мубарак» университетінің ұстазы, РАТТ мүшесі Нүсіпханов Тимур мекемедегі жазасын өтеушілермен кездесті. Кездесу барысында Т.Нүсіпханов «Сабырлылық пен мейірімділік» тақырыбында түсіндірме жұмысын жүргізді.
Т.Нүсіпханов өз сөзінде: «Ислам сабырлылық пен мейірімділікке негізделген дін. Әрбір мұсылман біріншіден басына іс түскен кезде сабырлы болуға және өзгелерге мейірімді болуы керек. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) өз хадисінде «Сабырлылық – жәннәтің кілті», – деген болса, тағы бір хадисінде: «Жер бетіндегі барлық жаратылысқа мейірімділік етіңдер, көктегілер (періштелер) де сендерге мейірімділік етеді», – деген. Демек, мұсылман адамының бойынан әрдайым сабырлылық пен мейірімділік деген қасиет табылуы керек. Сіздер де осы бір қиын сәтте сабырлық танытып, бір-бірлеріңізге мейіріммен қарасаңыздар Алланың алдында сүйікті құлдардан болатындарыңыз сөзсіз», – деді.
Кездесу соңында жазасын өтеушілер өз көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, тұшымды жауаптар алды. Алдағы уақытта да осындай кездесулердің болып тұрғандығын қалайтындарын жеткізді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!