Шешендер мен ингуштардың жер аударылғанына 77 жыл толды.
Осыған орай Қызылорда облыстық «Вайнах» шешен этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен қайырымдылық шарасы өтті.
Достық үйінде депортацияның қиын кезеңдері мен сол оқиғалардың куәгерлерін еске алу ниетінде құран оқылды. Осы орайда облыстық шешен этномәдени бірлестігі тарапынан мұқтаж 20 отбасына азық-түліктей көмек көрсетіліп, үйлеріне таратылды.
Мұндай игі іс аудан мен ауылдарда жалғасын табады.
Айта кетейік, шешендер мен ингуштардың Қазақстанға жер аударылуы 1944 жылдың 23 ақпанынан 9 наурызына дейін жалғасты. Оның барысында әртүрлі есептеулер бойынша 500-ден 650 мыңға дейін шешендер мен ингуштар шығарылды. Шығару кезінде және одан кейінгі алғашқы жылдары шамамен 100 мың шешен мен 23 мың ингуш көз жұмды. Яғни, екі халықтың төрттен бірі қайтыс болды.
Қазақстанға күнкөріс көзінсіз жер аударылған халықтар тек қазақ халқының бауырластық көмегінің арқасында өмір сүре алды. Олар тек өмір сүріп қана қоймай, өз тілдері мен мәдениетін сақтап қалды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!