Швецияда Құранды өртеген адамды сот алғаш рет ұлтаралық араздықты қоздырғаны үшін кінәлі деп тауып, шартты түрде соттады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі BBC арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: news.ru
Құранды өртеу сот үкіміне әкеліп соқтырған алғашқы оқиға. Себебі бұған дейін Швеция прокурорлары мұндай наразылық акциялары сөз және сөз бостандығына қатысты заңнамаға сәйкес келеді деп айып тақпаған болатын.
Швецияның орталығындағы Линчёпинг аудандық соты 27 жастағы ер адамды «этникалық топқа қарсы үгіт» жасағаны үшін кінәлі деп тауып, оның әрекеті «исламды дін ретінде емес, мұсылмандарды нысанаға алу» және «мақсаты объективті және бейтарап талқылау болды» деп мәлімдеді.
Ер адам ешқандай құқық бұзушылық жасамағанын және оның әрекеті Исламды дін ретінде сынау екенін айтты. Алайда сот бұл уәжді қабылдамады.
Осы жазда ел полициясы Құранды өртеу эпизодтары Швецияның мұсылман елдерімен қарым-қатынасында қиындықтар тудырғаннан кейін (оның ішінде бұл эпизодты Швецияның НАТО-ға қабылдауын кейінге қалдыруға себеп ретінде пайдаланған Түркия) наразылық білдіру туралы өтініштерді қабылдамай бастады.
Айта кетейік, сотты болған ер адам 2020 жылдың қыркүйегінде Линчёпинг соборының жанында оның Құранды өртеп жатқанын көрсететін бейнекжазба түсіріп алған. Қасиетті кітаптың үстінде Мұхаммед пайғамбарды (с.ғ.с) қорлайтын сөз жазылған белгі бекітілген.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!