Кіпалып қалғанастан, жиркенішті дүниеден, судан, жағымсыз иістен ұшынып қалатынымыз сөзсіз. Мұндайда адамға ұшық үш түрлі жағдайда әсер етеді дейді дана халқымыз. Біріншісі ерінге жара болып шығу, екіншісі асқазанға жара болып түсу және бас ауырып, лоқсып, дене қызуы көтеріліп әлсіреу. Жалпы ұшықты медицинада Герпес қоздырғышы деп аталатын жұқпалы ауру дейді. Оның құрамында Herpesviridae тұқымдасына жататын Herpessimplex вирусы бар ДНК. Ең көптарағаны – 1-тип (ерінге ұшық шығады),-дейді.
Терідегі герпестің асқынуына мыналар сеп болады:
Стресс, Суық тигізу, Жіті респираторлы аурулар, Иммунитет жүйесін әлсірететін қандай да болмасын жұқпалы аурулар, Жағымсыз тамақ жегенде, жаман иістен тітіркенгенде.
Ұшынып ауырған адамға қазақхалқы түрлі ырымдар жасаған. Жерұшық, ай ұшық, күн ұшық және су ұшық берген. Соның ішінде кең тарағаны жер ұшық пен су ұшық. Бұл екеуінің ішінде медицина сумен ем жасауды қолдайды. Яғни, баланың не адамның ыстығы қатты көтеріліп кетіп жатса табанын, арқасын, қолтығын медициналық спиртпен сылауды міндеттейді.
Халықтық ем емшілері ыстығы көтеріліп, мазасы қашқан адамға салқын душ қабылдауды не бейқам тұрғанда үстіне мұздай су шашып жіберуді ем етеді. Бұрынғы көне көздер де ұшынған не ыстығы көтеріліп, дел-сал болған балаға не ересек адамға су ұшық ырымынжасаған. Ол үшін күнталас уақытта, яғни күн толық ұясына кіріп кеткен шақта ауруды құбылаға қаратып отырғызады да «ұшық, ұшық, Алла, бәледен сақтайгөр, көзге көрінер-көрінбес пәледен сақтайгөр» деп жерді үш рет сүйгізіп, үстіне мұздай суды ұрттап барып үш рет бүркиді. Әр су бүркігенде биссимилла су ұшық кеселді сумен алып кет деп айтады.
Ыстығы көтерілген ересек адамдарға байқатпай барып мұздай суды ыдыспен шашу ырымы да бар.
Бұл ырымның түбі сүннет амалда жатқан секілді көрінеді. Себебі де бар. Пайғамбарымыз Мұхаммет с.ғ.с бастаған қол Қайбар қаласын алған еді. Ол қала сондай бір көкөністің бағы жайнап тұрған қала болатын. Сахабалар әбден арып-ашып келіп, әлгі жемістерді тоя жиді. Сөйтіп, олардың ыстығы көтерліп ауырады. Бұл хабарды естіген Пайғамбарымыз с.ғ.с «Бұл ыстық көтеріліп ауру деген тозақтың бір отынан» деп әлгі серіктестеріне ақшам мен құптан намазы арасында мұздай суға түсуге кеңес береді. Сөйтіп барлығы мұздай суғатүседі. Содан соң жазылады. Кейін бір сахаба келіп Мұхаммет с.ғ.с болған жайды айтқан уақытта екі дүние сардары «Адам баласы өзінің асқазанынан артық жаман ыдысты толтырмаған» (Ибн Табарани, ибн…..) дейді.
Қазақтың су ұшықдепжүргені осы бірсүннет амалға өте жақын іспетті. Анығын Алла ғанабілуші.
Сәкен Алдашбаев
«Дін мәселелерін зерттеу орталығы»
Қызылорда қаласы
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!