Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы елдегі ЛГБТ қозғалысына қатысты мәлімдеме жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қазақстанның бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы бұл идеологияның ұлттық құндылықтар мен ата-баба дәстүріне қайшы екенін айтты.
«Бұл біздің ұлттық құндылығымызға, салт-дәстүрімізге, ата-баба жолына қайшы дүние. Батыстан келіп, біздің елімізде көрініс беріп жатқан арсыздыққа тосқауыл қоюымыз керек. Ата-баба дәстүрін сақтайтын азамат ретінде біз бұған қарсымыз. Өйткені, бұл арсыздық. Үлкен күнә. Бұның азабы өте үлкен», – деді бас мүфти.
Бас мүфтидің сөзінше, елімізде әйелдер құқығын қорғау және жыныстық зорлық-зомбылықпен күресу деген желеумен азғындықты насихаттап, отбасы институтына қауіп төндіретін топтар пайда болған.
«Шариғат тұрғысынан ЛГБТ-ның әрекеттері харам. Бұл адамның жаратылысына қайшы келетін арсыздық. Кімде-кім өз жаратылысына қарсы шығып, жынысын өзгертсе, Алланың лағынетіне ұшырайды. Ондай адам шын жүректен өкініп, емделуі керек. Тәубе етпесе, намаздан бас тартса, ол өте ауыр азапқа ұшырайды», – деді мүфти.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!