Әлеуметтік желілерде Алматыда жол ортасында намаз оқыған ер адамның бейнежазбасы тарады, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Ұлысмедиаға сілтеп.
Желідегі бейнеден ер адамның дәл жол үстінде намаз оқып тұрғанын көруге болады. Қалалық ПД ер адамның жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын хабарлады.
«Әлеуметтік желілердің мониторингі барысында жол қозғалысы ережелерін бұзу фактісі анықталды. Жолға шығып намаз оқыған Алматы тұрғыны көлік қозғалысына кедергі келтірді. Аталған факті бойынша жергілікті полиция қызметі тексеру жүргізді. 1992 жылы туған азамат С. жол ережесін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды», – делінген хабарламада.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!