Қызылордада қайтарымсыз грант әпермек болған әйел қылмыстық жазаға тартылды, – деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Қызылордалық тұрғын өзінің жұмыспен қамтамасыз ету бөлімінде және Полиция Департаментінде жұмыс атқаратынын айтып, қайтарымсыз грант алып бере алатынын алға тартқан. Тіпті, 5 000 000 теңге қайтарымсыз грантты алғыңыз келе 1 000 000 теңге, 1 225 000 теңге қайтарымсыз грант алғыңыз келсе 50 000 теңге бересіз деп жалған мәлімдеген. Бір емес 11 адамды өзінің алаяқтық торына түсіріп, сенімдеріне кірген. Осыдан кейін, жәбірленушілер «Каспий голд» бағдарламасы арқылы Айжан есімді азаматшаның шотына аударғандығы белгілі болған.
Қорытындылай келе, Қазақстан Республикасының ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігінің 1,3,4- тармақтарында көзделген алаяқтық қылмысты жасағандығы анықталып, кінәлі деп танылған. Сонымен қатар, 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.
Жауапкер Айжан жәбірленуші-азаматтық талапкерлерге жалпы соммасы 18 490 700 теңге жәбірленуші тарапқа өндірілуі үкім етілді.
Алайда, үкім заңды күшіне енбеген.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!