Іскер әйелдер кеңесінің мүшесі, кәсіпкер Шолпан Түсіпбекова жалақысы 120 мың теңге болатын азаматтарға қалай ақша жинау керегін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Кәсіпкердің сөзінше, ақша жинау үшін жалақының аз ғана бөлігін алып қалу керек.
«Әйел күйеуіне 10 жұмыртқадан таңғы ас жасайды дейік. Дүйсенбі күні 10, сейсенбі 10, сәрсенбі 10, ал бейсенбі күні 9 жұмыртқадан дайындады. Күйеуі мұны сезбей де қалады. Айына 120 мың теңгеге күн көретін адам 100 мың теңгемен де өмір сүре алады», – деді кәсіпкер.
Желі қолданушылары іскер әйелдің кеңесін қызу талқылады.
«Әрине, әйелім 2 жұмыртқа дайындаса, тек 1 жұмыртқа дайындағанын қалай байқамайын?!», «Осынша жалақы алатын жалақысы тамағынан артылмайтын адамдардың ақша жинауы туралы неліктен ойланады екен? Ұят жоқ», «Біреу үшін ойлау оңай. Өзі де солай өмір сүріп көрсе. Оның үстіне ақшаның бір бөлігін алып қалса», – деп жазды желі қолданушылары.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!