Фото: polisia.kz
Өскеменде полиция танысына 145 млн теңгені қайтармай жүрген күдіктіні анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz.
Қалада тұрғын танысы ұзақ уақыт бойы 145 млн теңгені қайтармай, қашып жүргенін айтып полицияға арызданған.
Тәртіп сақшылары құқықбұзушының қазір Қостанай қаласында тұрап жатқанын анықтады. Ол жиналған қарызды өндіру үшін сот орындаушыларына тапсырылды.
Айта кетейік, жыл басынан бері ШҚО-да полиция 40-тан аса борышкерді іздеп тапқан.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!