2024 жылы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда еңбекке қабілеттілігінен және асыраушысынан айырылғандарға берілетін әлеуметтік төлемдердің мөлшері артады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.  

Тиісті қаулыға премьер-министр Әлихан Смайылов қол қойды.

1 қаңтардан бастап мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбекке қабілеттілігінен және асыраушысынан айырылғандарға тағайындалған әлеуметтік төлемдерді 7%-ға арттыру көзделеді.

Қазіргі таңда еңбекке қабілеттілігінен айырылған 87 мыңға жуық адам және асыраушысынан айырылған 59 мың отбасы бар.

Бұған қосымша 5 миллиард теңгеден астам қаражат жұмсалады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!