Тоқаев «Республикалық бюджет туралы» заңға қол қойды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: akorda.kz
«Мемлекет басшысы «2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», – делінген Ақорда хабарламасында.
Заңға сәйкес, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап:
– ең төменгі жалақы 85 мың теңге;
– мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері 28 мың теңге;
– зейнетақының ең төменгі мөлшері – 57 мың теңге;
– айлық есептік көрсеткіш – 3692 теңге;
– базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін өмір сүру минимумы 43 мың теңгені құрайды.
Жасы бойынша зейнетақы төлемдеріне және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдеріне бөлінген қаражат олардың сомаларының 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 9%-ға ұлғаюы ескеріле отырып беріледі.
Бюджетте республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге және республикалық маңызы бар қалалардың бюджетіне берілетін субвенциялардың көлемі 5,2 триллион теңге сомасында көзделген, оның ішінде:
– Абай облысына – 234 948 938 мың теңге;
– Ақмола облысына – 354 724 684 мың теңге;
– Ақтөбе облысы – 293 012 614 мың теңге;
– Алматы облысына – 183 608 471 мың теңге;
– Шығыс Қазақстан облысына – 245 334 008 мың теңге;
– Жамбыл облысына – 426 356 383 мың теңге;
– Жетісу облысына – 355 343 578 мың теңге;
– Батыс Қазақстан облысына – 251 390 766 мың теңге;
– Қарағанды облысына – 322 790 809 мың теңге;
– Қызылорда облысына – 433 008 847 мың теңге;
– Қостанай облысына – 318 913 396 мың теңге;
– Маңғыстау облысына – 135 605 790 мың теңге;
– Павлодар облысына – 132 387 464 мың теңге;
– Солтүстік Қазақстан облысына – 316 648 616 мың теңге;
– Түркістан облысына – 1 001 641 890 мың теңге;
– Ұлытау облысына – 51 803 957 мың теңге;
– Шымкент қаласы – 207 506 595 мың теңге беріледі.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!