Өткен жылы 914 кәсіпорын 21,7 мың жұмыскерге жалақы бойынша қарыз болған. Бұл туралы ҚазАқпарат Еңбек министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.
«2022 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 914 кәсіпорнында 21,7 мың жұмыскерге 5,3 млрд теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешекті анықтады. Осы кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 881 нұсқама беріліп, 144,6 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.
Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 20,2 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалды. Оларға 5,2 млрд теңге төленді», – делінген министрлік хабарламасында.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!