Қаржы министрлігінің Жеке тұлғалардың кірістерін әкімшілендіру басқармасының бас сарапшысы Ерсайын Көптілеуұлы мобильді аударымдарға қатысты жаңа өзгерісті айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қазіргі талап қандай?
Азаматқа ай сайын 100 немесе одан көп тұлғадан 3 ай қатарынан мобильді аударым жасалса, сонда ғана тұлға екінші деңгейлі банктің назарына ілінеді, – дейді Көптілеуұлы Қаржы министрлігінде өткен баспасөз мәслихатында.
Қаржы министрлігі Ұлттық банкке ұсыныс берген. Ол бойынша шекті сома 255 мың теңге. Ерсайын Көптілеуұлы бұл ұсынысты былай түсіндірді:
Халық арасында «мобильді аударым 255 мыңнан асса, бақылауға алынады» деген сөз тарап жүр. Бұл жағдайда азамат ай сайын 100 немесе одан көп тұлғадан 3 ай қатарынан мобильді аударым қабылдаса және олардың жалпы сомасы 255 мыңнан асса ғана назарға ілінеді. Бұл өте аз сомаларды бақылаудан алу мақсатында жасалып отыр. Бірақ қазіргі таңда бұл норма күшіне енген жоқ, Ұлттық банкпен келісу сатысында тұр. Яғни енді қарастырылады, – деді сарапшы.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!