Өздерін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қызметкерлеріміз деп телефон соғып, 500 мың теңгеден астам ақшалай төлем түрінде әлеуметтік көмек көрсетуге уәде беретін алаяқтар пайда болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Материалдық көмек көрсететіміз деген жалған ақпарат арқылы алаяқтар шоттарды бұғаттаудан алып тастауды және қарызды жабуды сұрайды. Азамат уәде етілген материалдық көмекті алу үшін шотындағы бұғатты алып тастағаннан кейін техникалық ақауларға және көмек көрсетудің мүмкін еместігін мәлімдейді. Осылайша, шотыңыздан қаражатты шешіп алады.
Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қызметкерлері азаматтарға көмек беру туралы ақпарат таратпайтынын, барлық мемлекеттік әлеуметтік төлемдер азаматтардың өтініштері негізінде немесе проактивті форматта жүзеге асырылатынын хабарлайды. Министрлік азаматтардан фейкке мән бермеуді және тек ресми ақпарат көздерінен алынған ақпаратты пайдалануды сұрады.
Естеріңізге сала кетейік, жалған ақпарат таратқандар заң бойынша жауапкершілікке тартылады. Алданып қалған жағдайда, дереу полицияға хабарласу қажет.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!