Орталық мемлекеттік органдардың қызметкерлері үшін жалақы 2024 жылға дейін жыл сайын 30 пайызға көтеріліп отырады, деп мәлімдеді ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин.
«82 мың мемлекеттік қызметшінің айлығы көтерілетін болады. Осы жылдың 1 шілдесінен бастап, жергілікті атқарушы органдар қызметкерлері үшін жалақы 1,9 есеге көтеріледі. 2020 жылдың 1 қаңтарына бастап орталық мемлекеттік органдардың қызметкерлері үшін жалақы 2024 жылға дейін жыл сайын 30 пайызға көтеріліп отырады», – деді Премьер-Министр Үкіметтің кеңейтілген отырысында.
Үкімет басшысының атап өтуінше, педагогтердің орташа жалақысы 253 мың теңгеге дейін, дәрігерлердің жалақысы 320 мың теңгеге дейін, әлеуметтік қызметкерлердің жалақысы 180 мың теңгеге дейін, мемлекеттік қызметшілердің жалақысы 267 мың теңгеге дейін артады.
«Еліміз бойынша орташа жалақы 2021 жылдың 6 айында 233 мың теңгені құрады», – деді Асқар Мамин.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!