Акция 15 желтоқсанға дейін жалғасады.

 Аграрлық несие корпорациясы 2023 жылдың 15 желтоқсанына дейін жалғасатын "Қарызды өсімпұлсыз өтеу" акциясын бастады. Бұл туралы корпорацияның ресми парақшасында жарияланды.

Акцияға науқан кезеңінде мерзімі өткен берешегі бар, оның ішінде сот шешімі бойынша өндіріп алынатын қарызы бар несие немесе лизинг алушылар (заңды және жеке тұлғалар) қатысып, қарыздарын өсімпұлсыз өтей алады. Тұтынушының несиелік келісімдер немесе қаржылық лизинг шарттары болса, әрбір міндеттеме бойынша өсімпұл сомасы жеке-жеке есептеледі.

«Қарыз немесе лизинг алушы бір ғана қарыз шарты (қаржылық лизинг шарты) бойынша келесі төлемдерді толық өтеген жағдайда ғана пайыздарды есептен шығаруға болады. Олар: мерзімі өткен сыйақы, мерзімі өткен негізгі қарыз, мерзімі өткен негізгі борыш бойынша есептелген сыйақы және өсім сомасы», – деп жазылған хабарламада.

Оқи отырыңыз: Жастарға 2,5 пайыздық шағын несие беруге құжат қабылдау басталды.

Ескерте кететін нәрсе, акцияға қатысушыларда бір ғана мүмкіндік болады.
Әр тұтынушы 2023 жылдың 15 желтоқсанына дейін Аграрлық несие корпорациясының есеп айырысу шотына ақша аудару арқылы қарызын өтей алады деп хабарлайды Informburo ақпарат агенттігі.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!