Әйгерім Шахман карантин кезінде жұбайымен бірге Қытай арқылы тауар бизнесімен айналысқан. Бизнесте тәлімгері мен кәсіби білімі болмаса да ару 50%-ын алдын-ала төлеген адамдардан тапсырыс ала отырып, сол ақшаға тауар сатып алады. Ол кезде Әйгерімнің қалтасында қаражаты болмапты. Бүгінде айына 43 миллион теңгеден астам табыс тауып отырған кәсіпкер қыз Динара Сәтжанға берген сұхбатында бизнесте қандай қиындықтарға тап болғанын айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қазақстандық қыз «TaoBao» және «1688» сияқты қытайлық маркетплейстерден тапсырыс береді. Сонымен қатар, ол Wildberries жеткізуші қызметін атқарады. Сондай-ақ Instagram-да өз блогын дамытып, онда кәсіпкерлік тақырыбында авторлық курстар сатады. Айтуынша, мұның барлығы 43 млн теңгені құрайды. 

Кәсіпкердің айтуынша, ол мансабының басында таза пайдасын интуитивті түрде жарнамаға берген. Яғни, танымал блогерлерге жарнама қызметін пайдаланады. 

«Жарнаманы Дамелия Sweet-тің парақшасында жасадым. Сол кезде, 2019 жылы оның жарнамасы 80 мың теңгені тұратын. Енді ғана бастап жатқан маған ол үлкен ақша болды. Кейін мен бартерді (айырбастауды) ұсындым, ол келісті. Бұл маған өте тиімді болды. Көп ұзамай өте керемет жарнама жасады. Содан кейін менің сатылымым өсе бастады. Осыдан соң жүйенің қалай жұмыс істейтінін түсіндім және алғашқы 500 мың теңгемді таптым. Әрі қарай, қыркүйек айында Гүлсезім Хассен деген блогерге бартер ұсындым. Оның жарнамасынан кейінгі табыс 1 млн теңгені құрады», – дейді Әйгерім.  

Пәтерге келетін болсақ, қыз алғашқы үйіне 2020 жылы, пандемия кезінде қаражат жинап үлгерген. Табыс өзінің интернет-дүкені арқылы келген. Осылайша ол екінші және үшінші пәтеріне де жинай алған. Кейін көлік сатып алған. 

«Шын мәнінде, пандемия мен үшін үлкен мүмкіндік болды. Таңертеңнен кешке дейін Қазақстанға заттарды жеткізе алатын логистикалық компаниялар іздедім. Осылайша төрт айым табыссыз өтті. Сонымен қатар, сол кезде мен негізгі жұмысымнан бас тарттым. Қиын болды. Бірақ бір күні тасымалдаушылар таба алдым. Алайда оларды 40 күн күту керек болды. Бұл туралы өз клиенттеріме хабарладым. Таңқаларлығы олар да бұған келісе кетті. Сонымен қатар, мен алғашқы кірісті блогерлердің жарнамалауына жұмсадым. Өзім қалаған кезімде пост салып берулерін сұрадым. Кейін сол сәт ақыры туды. Тапсырыстарым келіп, блогерлермен жұмыс істедім. Солайша айына 5 млн теңге таба алдым», – дейді ару. 

Бірнеше қиындықтар мен құлдырауларға кейін Әйгерім орнынан нық тұрып, жүйеде қалай жұмыс істеу керектігін ұғынып алады. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!