Фото: Kazinform; Pixabay

KAZINFORM – Алматыда 6,6 млрд теңгеден астам қарызы бар азаматтар «банкрот» деп танылды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қарызын өтей алмайтын борышкерлермен жұмыс басқармасының басшысы Айдос Бұдығұлов мәлімдеді.

Мемлекеттік кірістер департаменті өкілінің дерегіне сүйенсек, бүгінде 1 134 азамат «банкрот» деп танылды. Олардың жалпы қарызы – 6,6 млрд теңгеден асады.

«Алматыда банкроттық рәсіміне жеке тұлғалардан 8100 өтініш түсті. Оның 5 980-і кері қайтарылды. Сонымен қатар, 676 өтініш қабылданып, қаржылық мониторинг жүргізу басталды», – дейді басқарма басшысы.

Айтуынша, қазір сот банкроттығына қатысты 27 өтініш бойынша іс қозғалды. Оның ішінде 7 адамға сот банкроттығы қолданылды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!