Бүгінде өмірімізді ақшасыз елестете алмаймыз. Өйткені ақша тауарларды төлеудің басты құралы. Негізінде ақша – адамзаттың ең ұлы өнертабысы. Ал осы ақшаның қалай пайда болғанын білесіз бе?
Қызықты деректер
Пластиктен жасалған ақшаларды австралиялықтар қолданады.
Ең ауыр тиын Қытайды құйылған, оның салмағы – 5 килограмм.
Канадада ерекше тиындар дайындалған. Оның бетіне динозавр бейнеленген, ерекшелігі, қараңғы жерде бетінен диназаврдың қаңқасын көруге болатын. Бірақ өкінішке қарай, ол тиындар айналымға шықпады.
АҚШ елінде доллардың ең көп қолданылатыны 1 және 20 долларлық купюралары. Ал әлемде 100 доллардың купюросы танымал екен.
Ақшаның қағаздан жасалған нұсқасы 812 жылы Қытайда пайда болған.
“$” – бұл белгіні 1778 жылы америкалық бизнесмен Оливер Паллок ойлап тапқан.
Бұрынғы заманда адамзат ақшасыз өмір сүрген. Ол кезде ақшаға қажеттілік болмаған. Яғни адамдар егіншілікпен күн көріп, өмір сүру үшін қажетті барлық нәрсе болған. Қоғамның дамуына байланысты қажетті заттардың бәрін жасау қиынға соғып, адамдар материалдық құндылықтарымен алмаса бастады. Сөйтіп айырбас құралы – ақша пайда болды. Ақша ретінде тастар, зығыр маталар, күріштің дәндері және алтын пайдаланылды. Уақыт өте келе заттың құнын затпен төлеу нарықтан ығыса бастады. Оның орнына күміс пен алтын б.з.д. 3-4 мың жылы Мысырда ақша ретінде қолданыла бастады. Ал XII ғасырда төлемдер үшін алтын сақиналар пайдаланылды.
Қанша ғасыр өтесе де қолданыстан әлі шықпаған «монета» сөзін римдіктер ойлап тапты. Олар ақшаны басып шығаратын шеберхана ретінде Джуно Монетаның ғибадатханасын пайдаланды. Кейінірек ақша басып шығаратын барлық жер «монета» деген атқа ие болды. Ағылшын нұсқасында бұл сөз «mint», ал французша – «mone» деп айтылады. Бұл сөзден «money» деген сөз шықты. Монеталарды алғаш рет б.з. VIII-VII ғасырында Грекияда қолданды. Заман ағымына қарай монеталардан бөлек, нарыққа бағалы қағаздар қажет болды. Осы тұста Қытай елі алғаш рет VIII ғасырда бағалы қағаздарды шығара бастады. Бұл туралы Еуропаға 1286 жылы Қытайдан келген саяхатшы Марко Поло хабарлады. Алайда қағаз ақша Еуропада тек ХV ғасырда ғана қолданыла бастады. Бірақ алтын да өз құндылығын жойған емес. Соның әсерінен қағаз банкноталарға Франция, Англия, Америка Құрама Штаттары сынды алпауыт мемлекеттер тек ХVII-ХIX ғасырлар аралығында көшті. Дегенмен ХХ ғасырдағы ғылыми-техникалық революция, ақшаның эволюциясына ықпал етті. XIX ғасырдағы телеграфтың ойлап табылуы, электронды ақшаның дүниеге келуіне себепкер болды. Ол ақша айналымының дамуына серпіліс әкелді. ХХ ғасырдың басында банк аударымдарының 80 пайызы телеграф арқылы жасалды.
Уақыт өте пластикалық карталар жасалып, қағаз ақша біртіндеп айналымнан шығарыла бастады. Пластикалық карталардың артықшылықтары көп. Ең бастысы, қағаз ақшаға қарағанда, оны қалтада ұстау әлдеқайда ыңғайлы. Компьютер мен интернеттің өнертабысы, электрондық ақшаның басқа түрі – Интернет-ақшаның өмірге келуіне септігін тигізді. ХХ ғасырдың 90-шы жылдарының соңында, интернет-пайдаланушыларға үйден шықпай төлемдерді жүзеге асыру мүмкіндігі жасалды. Сарапшылардың пікірінше, алдағы онжылдықта мемлекеттер бірыңғай әлемдік валютаға көшіп, халықаралық сауда процестері жеңілдейді. Сондай-ақ болашақта пластикалық карталарға да қажеттілік болмайтын сияқты, төлемдер адамның саусақ іздері немесе көздің бейнесі арқылы жүзеге асады деген тұжырым бар.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!