Ranking.kz-тің мәліметінше, қазақстандықтар (жеке тұлғалар) қаңтар-шілде айларында ақша аудару жүйелері арқылы шетелге 544 млрд теңге аударған. Бұл өткен жылға қарағанда 42,9 пайызға өскен. Ал Қазақстанға 161,7 млрд теңге аударылған. Былтырғы қаңтар-шілдемен салыстырсақ, 5,5 процент қана көбейген. Яғни кеткен ақша келген ақшадан 3,5 есе артық.

Ақшаның көбі Өзбекстанға (151,3 млрд теңге), Түркияға (108,6 млрд теңге), Ресейге (108,3 млрд теңге) және Қырғызстанға (87,7 млрд теңге) жіберілген. Қытай (18,8 млрд теңге) мен Грузияға да (11,7 млрд теңге) аз кетпеген.

Шетелден Қазақстанға аударылған ақшаның басым бөлігі Ресейге тиесілі, 34 млрд теңге. Содан кейінгі орында  25,8 млрд теңгемен Өзбекстан, 24,4 млрд теңгемен Оңтүстік Корея тұр. Қырғызстанға 18,8 млрд теңге, АҚШ-қа 18,1 млрд теңге, Германияға 10,6 млрд теңге аударылған. Ал Түркиядан небәрі 6,6 млрд теңге  жетіпті. Сонда Анадолы еліне кеткен ақша келген ақшадан 16 есе артық деген сөз.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!