Ақтөбе полициясына 19 жастағы жігіт қоңырау шалып, өзін несиеге телефон алуға мәжбүрлегенін мәлімдеген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Диапазон басылымына сілтеме жасап. 

Зардап шеккен жігіттің сөзінше, 24 сәуірде Қонаев көшесіндегі сауда үйінің маңында белгісіз біреу күш көрсететін айтып, 350 000 теңгелік смартфонды несиеге алуға мәжбүрлеген.

Полиция 21 жастағы күдіктіні ұстады. Анықталғандай, ол бұған дейін де қылмыстық жауапқа тартылған. 

Қазір полиция Қылмыстық кодекстің 194-бабы 2-бөлігі «Қорқытып алу» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Аталған бапта мүлкін тәркілей отырып жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!