Астана прокуратурасы бұрынғы жеке сот орындаушыларының ақша ұрлау әрекетін әшкереледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ведомствоның хабарлауынша, екі сот орындаушысы қызметін тоқтатқаннан кейін 87 балаға алимент төлеуге арналған қаражатты алты ай бойы басқарған.
«Жеке сот орындаушысы балалар үйінің екі тәрбиеленушісіне 2-ші топтағы мүгедек әкесі аударған әлеуметтік жәрдемақылардан алимент өндіріп берген. Тағы бір жеке сот орындаушысы қайтыс болған алимент төлеушінің банк шотындағы ақшаны алып, жұмсаған», – делінген хабарламада.
Күдікті барлығы 5 миллион теңгені жымқырған. Прокурорлардың араласуымен 34 балаға шығын өтелді, қалғандары бойынша жұмыстар жалғасуда. Алаяқтық және қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!