Астанада танымал ресейлік блогердің атын жамылған топ 40 қызды интимдік суреттерімен бопсалап келген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Полиция мәліметінше қылмыстық топ қыздардың интимдік суретін жария етпеу үшін ақша бопсалаған. Тергеу барысында белгілі болғаны, аталған құқық бұзушылар қыздармен Instagram және Telegram әлеуметтік желілерінде танымал ресейлік блогердің атынан ашылған фейк аккаунт арқылы танысқан.

“Ұзақ хат алмасу арқылы олар қыздардың сеніміне кіріп, содан кейін интим фотосурет алмасуды ұсынған. Сөйтіп компроматты фотосуреттерді қысым жасау құралы ретінде пайдаланып, беделін түсіретін ақпаратты жария етеміз деп қорқытып, ақша талап ете бастаған. Бұған қоса, сенімге кірген олар белгі қойып, аккаунтты жылжыту және басқа да қызметтерді көрсету үшін Instagram әлеуметтік желісіне тіркелуді ұсынған”, – делінген полиция жазбасында. 

Қазіргі уақытта күдіктілеге қатысты ақпараттық жүйені пайдаланушыларды алдау және сеніміне қиянат жасау арқылы бопсалау және алаяқтық бойынша 40 факті анықталды. Қылмыстық Кодекстің 190 және 194-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!