Автонесие рәсімдегісі келетін қазақстандықтар қандай талаптарға сай болуы керек? Қазақстан банктері жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап. 

Клиенттерді таңдау кезіндегі ең басты шарт – оның төлемге қабілетті болуы. Яғни, автонесие рәсімдегісі келетін қазақстандықтың зейнетақы қорына соңғы 6 айда үздіксіз аударымдар жасалуы тиіс. 

Екіншіден, үміткердің жиынтық табысы – алынған және алынатын барлық несиелерінің кемі 50% құрауы тиіс. 

Мысалы, несие алушының ай сайынғы табысы 100 мың теңге болса, оның төлейтін барлық несиелерінің жиынтығы 50 мың теңгеден аспауы керек. 100 мың теңгелік табысы расталып, айына 30 мың теңге несие төлейтін үміткер қалған 20 мың теңгеге ғана қарыз ала алады. Ал мұндай соммаға автонесие рәсімдеуге болмайды. 

Сондықтан да банк өкілдері қазақстандықтарды қаржылық мүмкіндіктерін бағалап барып қана банктерге жүгінуге кеңес береді. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!