Банкроттық рәсімді қолданған адам 5 жыл несие ала алмайды.

Елімізде 12 мың адам соттан тыс банкроттыққа арыз жазған деп хабарлады мемлекеттік Кірістер комитеті. 
 
Борышкердің қарызы 5 млн 500 мың теңгеден аспаса, қарызды өтеудің осы түрін таңдауға мүмкіндігі бар. Қарызы соңғы 12 ай төленбеген болуы керек. Борышкердің мүлкі болмауы шарт. Соттан тыс бонкроттық рәсімін пайдалану үшін несие алған мекемемен келісімшарт болуға тиіс. 
 
Өтініштер eGov порталы арқылы немесе Халыққа қызмет көрсету орталығында қабылданады. Арызды қарау мерзімі – 15 жұмыс күні. Өз арызына теріс жауап алған азамат 3 айдан кейін қайта өтініш бере алады. 
 
Жалпы, Қазақстанда 12 жарым мыңға жуық адам банкроттыққа өтініш берген. 
 
Банкроттық рәсімді қолданған адам 5 жыл несие ала алмайды.

sn kz

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!