Көп жағдайда адамдардың меншігінде мүлік, автокөлік, жер учаскісі бар

Екі айдың ішінде өзін банкрот деп тануды сұраған қазақстандықтардың 70%-ының өтініші кері қайтарылған. Өйткені адамдардың қарызы шекті сома, яғни 1 600 айлық есептік көрсеткіштен асып кеткен. Бұл туралы Қаржы министрлігінде айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Кей өтініш бергендердің ипотека төлеп жатқаны анықталған, яғни қарыз төлеуге мүмкіндігі бар. Ал көп жағдайда адамдардың меншігінде мүлік, автокөлік, жер учаскісі бар. Мұндай мәліметтер банкроттық рәсімдеу сотқа жетпей белгілі болған.

Алайда өтініші кері қайтқан азаматтардың үш айдан кейін қайта өтініш беруге құқы бар. Өйткені қабылдау әлі жүріп жатыр. Жалпы, 3 наурыздан бері 50 мыңға жуық өтініш түскен.

«Қазіргі таңда 49 мың арыз түсті. Солардың 6 мыңнан астамы өңделіп, оң шешімі қабылданып, осы 6 айдың ішінде ол азаматтарға «банкрот» деген статус берілуі мүмкін. Бұл бірінші шешім қабылданды. Әлі нақты шешім қабылдаған жоқ. Себебі заңнама бойынша, 6 ай мерзім өтуі керек. Арызды берушілердің 36 мыңының арызы кері қайтарылды», – деді Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!