“Астана” халықаралық қаржы орталығы базасында тіркелген криптобиржалар жақын арада банктермен жұмыс істей бастайды. Блокчейн және дата орталықтар индустриясы қауымдастығы қазақстандықтар үшін цифрлық актив операциясы қолжетімді болады.
Екінші деңгейлі банктердің қайсысы криптовалютамен жұмыс істейтіні әзірге белгісіз. Нақты тізім жасалған жоқ. Бұл жоба бастапқыда бір жылға жоспарланып отыр. Алайда нарық қатысушылары енді Қазақстанда криптовалютаға қатысты тыйым жойылады деген үмітте. Блокчейн және дата орталықтар индустриясы қауымдастығының аға үйлестірушісі Сергей Путраның сөзінше, бұл Қазақстан үкіметі криптовалютаны дамытуға қадам жасағанын білдіреді. Мұның себебі әлемдік майнингтің 6-8 пайызының Қазақстанда жасалуы. Бұдан бөлек, қазақстандықтар цифрлық активтерді белсенді сатады. Кейбірінің құны тіпті бірнеше миллион доллар.
– Криптовалютадан Қазақстанға салық ретінде ақша түседі. Жұмыс орындары пайда болады. Бұл Қазақстан әлі күнге дейін меңгермей жүрген ауқымды индустрия, – деді Сергей Путра.
Криптобиржаға кіру үшін АХҚО-да тіркелген банктердің бірінде заңды тұлғаның есепшоты болуы тиіс. Ол шоттан ақша аударып, криптовалюта сатып алып, биржада түрлі операцияларды жүзеге асыруға болады. Инвестор табыс таба алады. Банк транзакциялар бойынша делдал қызметін атқарады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!