Қазақстанда бір күнде мың жарымға жуық адам банкроттық туралы өтініш берген. Бұл туралы қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.«3 наурызда азаматтардан банкроттық туралы өтініштерді қабылдау басталды. Сол күні сағат 16:00-ге дейін банкроттық туралы соттан тыс 1469 өтініш (eGov арқылы 1399, e-Salyq Azamat арқылы 70) түскен. Алғашқы өтініш электронды үкімет порталы арқылы Жамбыл облысынан сағат 09:05-те түсті», – делінген хабарламада.2023 жылдың 3 наурызында күшіне енген «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» заңға сәйкес қазақстандықтар арызды eGov.kz порталы мен eGov Mobile, Salyq Azamat қосымшаларында не Халыққа қызмет көрсету орталығының жақын жердегі бөлімшесі арқылы қағаз түрінде бере алады.Банкроттыққа арызды банкрот болып танылуға ниетті адамның өзі ғана бере алады.
Арызды берер алдында мынадай мәліметтерді тексеріңіз қажет:банктер, микроқаржы ұйымдары, коллекторлық агенттіктер алдындағы берешек 5,5 млн теңгеден аспауы және кешіктіру мерзімі 12 айдан кем болмауы керек (mkb.kz);мүлікке, оның ішінде ортақ меншіктегі мүлікке меншік құқығының болмауы (Egov.kz.);өз телефоныңыздың және жұбайыңыздың нөмірін мобильді азаматтар базасында (MАБ) тіркеу. Ұялы телефон нөмірін тіркеу үшін my.egov.kz сілтемесі бойынша өту керек.арызға кредитормен (екінші деңгейдегі банкпен немесе микроқаржы ұйымымен) қарызды реттеу туралы құжат қоса беріледі.6 ай бойы Атаулы әлеуметік көмек алған өтінім берушілер12 ай кешіктіру мерзімін есепке алмай, осы рәсімді қолдануға арыз бере алады.
Банкрот деп танудың салдары қандай?
5 жыл ішінде қарыз және несие алуға тыйым салынады (ломбардтардан микронесие алуды қоспағанда);қайта банкроттыққа 7 жылдан кейін ғана өтініш беруге болады;банкрот болғаннан кейін 3 жыл бойы банкроттың қаржы жағдайына мониторинг жүргізіледі.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!