Фото: Pixabay
Зейнетақының ең төменгі мөлшері – 57 853 теңге (4777 теңге).
Бүгіннен бастап Қазақстандағы ең төменгі жалақы мен зейнетақы мөлшері өсті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы 24.kz-ке сілтеме жасап.
Осылайша биыл елдегі ең аз еңбекақы 85 мың теңге болды, яғни 15 мың теңгеге ұлғайып отыр.
Ал айлық есептік көрсеткіш 3692 теңге. Сондай-ақ зейнетақының ең төменгі көлемі 57 853 теңгеге жетті. Ал базалық зейнетақы төлемі – 28 215 теңге болды.
Бұдан бөлек базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеуге арналған ең төменгі күнкөріс деңгейі 43 407 теңге болып бекітілді.
Ең төменгі жалақы – 85 000 теңге (15 000 теңге)
Айлық есептік көрсеткіш – 3692 теңге (242 теңге)
Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 28 215 теңге (3 874 теңге)
Зейнетақының ең төменгі мөлшері – 57 853 теңге (4777 теңге).
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!